40 мыңға жуық әскери қызметші мен азаматтық персонал вакцина алды

0
160

Жеке құрамды вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі таңда Қарулы күштерде екпе алғандардың жалпы саны шамамен 40 мыңды құрады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов хабарлады.

«Қазақстанның барлық азаматтары сияқты Қарулы күштер де егіледі. Бұған біздің Жоғарғы бас қолбасшымыз, қорғаныс министріміз мысал бола алады. Қазіргі кезде 39 мыңға жық адам вакцинацияланды, бұл жалпы санның шамамен 40% құрайды. 7 мамырға дейін бірінші компонентпен 100% вакцинациялауды жоспарлап отырмыз, бірақ бұл жергілікті жерлерде вакцинаның болуына байланысты», – деп атап өтті спикер.

Вице-министрдің айтуынша, шалғай жатқан гарнизондарда вакцинация екі жолмен қамтамасыз етілген. Біріншіден, аумақтық органдар көмектеседі – жылжымалы егу пункттері шығады. Екіншіден, мобильді армия бригадалары өздері барады. Атап айтқанда, Отарға мобильді топтың іссапары ұйымдастырылды. Әскерилер вакцинаны Алматы мен Алматы облысынан алып барды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here