Өткен тәулікте 2 298 қазақстандық коронавирус жұқтырды

0
198

Сoronavirus2020.kz сайтындағы мәліметке сенсек, 4 мамыр, сағат 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, елімізде өткен тәулікте 2 298 адамнан коронавирус ПТР-тест арқылы расталды. Ең көп жағдай Алматы қаласында тіркелді.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 285, Алматы қаласы – 645, Шымкент қаласы – 80, Ақмола облысы – 135, Ақтөбе облысы – 71, Алматы облысы – 189, Атырау облысы – 85, Шығыс Қазақстан облысы – 87, Жамбыл облысы – 65, Батыс Қазақстан облысы – 129, Қарағанды облысы – 239, Қостанай облысы – 26, Қызылорда облысы – 69, Маңғыстау облысы – 42, Павлодар облысы – 116, Солтүстік Қазақстан облысы – 13, Түркістан облысы – 22. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 332369.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here