Жітіқара қаласы мен Денисов ауданында Тәуелсіздік аллеясы ашылды

0
1405

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде 19 қазанда Қостанай облысының Жітіқара қаласы мен Денисов ауылында Тәуелсіздік аллеясының салтанатты ашылуы өтті.

Тәуелсіздік Аллеялары Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан айтарлықтай биіктерге жеткенін, экономика дамып, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты жақсарып келе жатқанының бір куәсі. Бұл аудан халқы үшін тағы бір демалыс орнына айналып, ауылдың эстетикалық келбетін жақсарта түсті.

Салтанатты түрде ашылған мерекелік іс-шарада Жітіқара және Денисов аудандарының әкімдері Н.Өтегенов пен Б. Нұрғалиев құттықтау сөз сөйлеп, ауданның қарқынды дамып келе жатқанын, тұрғындардың бос уақыты үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті, барлығына денсаулық, таза ауада белсенді демалыс тіледі және тұрғындар үшін жасалған сұлулықты сақтауға шақырды.

Жітіқарада іс-шара аудандық өлкетанушы Владимир Лопатин қатысушысы болып табылатын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде веложарыстың басталуымен аяқталды. Велошеру Лисаков қ. велоспорт әуесқойлары тобының бастамасы бойынша өткізіледі және жаңа Тәуелсіздік аллеясынан басталды.

Денисов ауданының орталығы Денисов ауылында өткен іс-шара аудан өнерпаздарының концертімен аяқталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here