Әлемдегі екпе егу науқаны: Дерек пен дәйек (инфографика)

0
166

Our World in Data порталының 31 мамырдағы соңғы мәліметіне сенсек, әлемде коронавирусқа қарсы екпенің 1,84 млрд дозасы егілді. Бұл көрсеткіш бойынша көш басында Қытай (603 млн), АҚШ (291 млн), Үндістан (203 млн), Бразилия (66 млн) және Ұлыбритания (62 млн) тұр. Дегенмен, екпенің екі, кейбірінде үш дозасы барын ұмытуға тағы болмайды. Өйткені, бір адам екі немесе үш дозаны қабылдайтындықтан, жоғарыдағы сандардан нақты қанша адам вакцинаның толық дозасын алғанын анықтау оңай емес. Мысалы, мұндай деректерді Қытай жариялап жатқан жоқ. Ал, вакцинаның толық дозасын жасатқандар саны (Қытайды есепке алмағанда) әлемде 420 млн адамнан асты. Бұл көрсеткіш бойынша АҚШ алдына ешбір елді салмайды. Бірақ, вакцина жасатқан тұрғындардың жалпы санына шаққанда Израиль көш бастайды. Халқының тең жартысы екпе алған елдердің қатарында Ұлыбритания, Моңғолия, Канада, Чили, Бахрейн, Венгрия, АҚШ бар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here