Жамбыл облысында вакцина үйде салына бастады

0
762

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 23 Қаулысына сәйкес мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін  коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау  үйде жүргізіледі.  Олардың қатарына егде жастағылар, созылмалы аурулары бар науқастар жатады.

Мобильді егу бригадасының құрамында терапевт дәрігер мен егу медбикесі бар.  Вакцина салу алдында адамның қан қысымы мен жүрек соғысы тексеріледі. Егер барлық көрсеткіштер қалыпта болса, онда екпе салуға болады және пациент үй жағдайында 30 минут дәрігердің қарауында болады.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here