Қызылордада «Жасай бер, Тәуелсіздігім!» атты мерекелік кеш өтті

0
1400

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасында   «Жасай бер, Тәуелсіздігім!» атты мерекелік кеш өтті.

Шараға Қызылорда қаласындағы «Қарақат» мектеп студиясының тәрбиеленуші өнерпаздары Ерғабыл Мәдина, Әлиәкім Жанерке, Әнуарбек Бекнұр, Толыбай Айзере, Толыбай Айдын С.Бертаевтың «Тәуелсіздік таңы», Махмұтбай Әміреұлының «Тәуелсіздік толғауы», Иран-Ғайыптың «Тәуелсіздік жырлары», Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» жырларын жатқа оқып,  домбырамен ән-күйлер орындап, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  

Шараның мақсаты өскелең жас ұрпақты Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу болды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here