Қайрат Мұратұлы: «Екпе алғандағы мақсат – өзімізді індеттен сақтау»

0
296

Орал қаласындағы №1 емханасының дәрігер-эпидемиологы Қайрат Мұратұлы – пандемияның соққысына қарсы тұрған ақ халаттының бірі. Аурумен бетпе-бет келген дәрігер вакцинасыз ертеңгі күнді елестету қиын екенін айтады.

«Халық арасындағы «Ел үшін етіксіз су кешкен ерлер» деген ұстанымым сөз жүзінде көкейімде болғанымен, іс жүзінде көрініс таппаған екен. Елімізде төтенше жағдай жарияланып, облыста індет жұқтырған науқастар анықтала бастаған кезде жұқпалы аурулар ауруханасына өз еркіммен сұранып, ер ретінде, маман ретінде ел үшін етіксіз су кешетін сәттің жеткенін білдім. Жалпы, осы індет басталғалы елімізде карантин шаралары жарияланды, әр түрлі алдын алу шаралары жасалып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халыққа жаппай екпе егу керегін әлі де болса толыққанды түсіндіру керек. Бүгінгі таңда екпені алмай, жасанды паспорт жасатып, өздерін алдап жүрген адамдардың саны күрт артты. Екпе алғандағы мақсат өзімізді, отбасымызды індеттен сақтау деп білемін. Жайма шуақ күндерімізге оралу үшін екпені қабылдау қазіргі уақытта маңызды болып отыр», – деп санайды Қайрат Мұратұлы.

Индира БІРЖАНСАЛ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here