«Парыз» қоғамдық бірлестігі құрылды

0
183

Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан құрылған «Парыз» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылық отырысы өтті. Жиында бірлестікті Ауған соғысының ардагері, отставкадағы полковник Ербол Қалқаманұлы Смағұлов басқаратыны белгілі болды.

«Парыз» қоғамдық бірлестігін құру туралы бастамасын басқа мемлекеттердің, атап айтқанда, Ауғанстан, Тәжікстан, Таулы Қарабақ және басқа елдердегі әскери іс-қимылдарға қатысқан аймақтық белсенділер, бітімгершілік миссияларға қатысушылар қолдады. Құрылтайшылар отставкадағы әскери ұрыс қимылдарының ардагерлері генерал-майор У.Еламанов, полковниктер К.Ілиясов, К.Қангелдиев, А.Қожабергенов, А.Хасанғалиев, В.Ильгнер болды.

Онлайн-режимде отырысқа Алматы қаласы мен Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының және еліміздің басқа да өңірлерінің соғыс қимылдарының ардагерлері қатысты.

«Парыз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланған Ербол Қалқаманұлы атап өткендей, жаңа ұйымның негізгі міндеттері жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерін әлеуметтік қолдау және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу болып табылады. Республикалық қоғамдық бірлестік еліміздің барлық күштік құрылымдарының жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерін біріктіреді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here