НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, КОНКУРС!

0
1148

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ (ары қарай – Университет) «Шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқу үшін орын санын бөлу жоспарын бекіту» туралы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 22 шілдедегі №358 бұйрығына сәйкес білім алушылардың (бакалавриат) республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық оралымдылық шеңберінде оқуы үшін байқау жариялайды.

Академиялық оралымдылық шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен конкурсқа қатысуға көрсетілген құжаттарды ұсыну Университет пен шетелдік әріптес ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Байқауға қатысу үшін білім алушылар (бакалавриат) келесідей құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Университеттің құжаттармен қамтамасыз ету бөлімі:

1) Білім алушының өтініші;

2) ҚР азаматы паспортының көшірмесі;

3) Білім туралы құжат:

Ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт (Университеттің мөрімен куәландырылған);

4) Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін өткізу керек):

Халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шет тілін білу туралы  сертификат (IELTS, TOEFL);

Шетел ЖОО-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат;

қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);

5) № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтамасы (шетелге шығушылар үшін);

6) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміркердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;

7) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;

8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін);

9) студенттің мүгедектігі туралы аныңтама.

  1. egov.kz порталына:

1) Үміткердің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;

2) ҚР азаматы паспортының электронды көшірмесі;

3) Білім туралы құжаттың электронды көшірмесі:

Ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт (университеттің мөрімен куәландырылған);

4) Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжаттың электронды көшірмесі (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін өткізу керек):

Халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шет тілін білу туралы  сертификат (IELTS, TOEFL);

Шетел ЖОО-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат;

қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);

5) № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтамасының электронды көшірмесі (шетелге шығушылар үшін);

6) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміркердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімінің электронды көшірмесі;

7) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжаттың электронды көшірмесі;

8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың электронды көшірмесі (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін);

9) студенттің мүгедектігі туралы аныңтамажанұя құрамы жөніндегі анықтаманың электронды көшірмесі, студенттің көп балалы отбасынан шыққанын дәлелдеу үшін;

Үміткерлерді іріктеу ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы N 613 бұйрығымен бекітілген «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» ережесіне сәйкес Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссиясында қарастырылады. 

Байқау бойынша әр факультет декандарының орынбасарлары консультация жүргізеді.

Жұмыс кестесі:

1)  Университеттің құжаттармен қамтамасыз ету бөлімі: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.00-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Мекен-жайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 74, Ректорат, 7 – этаж, 705 каб.;

2)  egov.kz порталы: Тәулік бойы

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2021 жылдың 15 қыркүйегіне дейін.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here