Павлодарда ауған ардагерлері төрткүндік автошеруге аттанды

0
1236

Ауған ардагерлері Павлодар облысы бойынша төрт күндік автошеруге аттанды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған автошеру ауғандықтар саябағынан басталып, Жеңіс саябағында Мәңгілік алау жанында аяқталады.

Павлодар және Павлодар облысының Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектері қорының директоры Байғабыл Майкотовтың айтуынша, автошеру келесі бағыт бойынша өтеді: Павлодар – Ақтоғай – Ертіс – Железин – Тереңкөл – Лебяжье – Успен – Шарбақты – Павладар ауылы – Екібастұз – Баянауыл – Май – Ақсу.

«Біз, Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтары, жастармен жұмыс жасауымыз керек. Әр ауданда біз жастармен кездесіп, Қазақстан Республикасында қол жеткізген жетістіктерімізді баяндайтын боламыз», – деп түсіндірді ардагерлер қорының директоры.

Іс-шараға №5 мектеп оқушылары, жергілікті билік және «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.

«Бүгін патриоттық акция басталады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында патриотизм мәселесі ең маңызды мәселелердің біріне айналуда», – деп Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева автошеруге қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, акцияның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа Отанды қалай қорғау және оған адал қызмет ету туралы білім беруге мүмкіндік береді, ал ауған жауынгерлері өскелең ұрпақтың лайықты үлгісі бола алады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here