Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әншілердің интернет-байқауы өтті

0
465

Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ән сүйген кербез Көкше» эстрада әндерін орындаушылардың облыстық интернет-байқауы қашықтықтан өткізілді.

«Рухани қазына-2021» республикалық фестивалі аясындағы «Көкшетау – Қазақстанның мәдени астанасы» іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – жаңа талант иелерін анықтау және қолдау көрсету, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, музыкалық өнерді дәріптеу, көпшілікке тарату болып табылды.

Іріктеу кезеңіне Аршалы, Біржан сал, Бурабай, Ерейментау, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Қорғалжын, Ақкөл, Есіл, Астрахан, Егіндікөл аудандары мен Көкшетау қаласынан 36 қатысушының өтінімі қабылданды. Өнерпаздар байқау шартына сәйкес отандық патриоттық және танымал әлемдік хит әндерін орындап, бейнежазбаларын ұсынды.

Үздік деп танылған 19 қатысушы ү.ж. 8 қыркүйекте Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы мәжіліс залында өткен «Ән сүйген кербез Көкше» гала-концертінде өнер көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша Марьям Точиева (Атбасар ауданы) Бас жүлде иегері атанды. Жүлделі І орынды Сулеймен Олжасұлы (Аршалы ауданы) иеленсе, ІІ орынды Шахма Әуелбек (Көкшетау қаласы), Асылжан Пирбергенов (Астрахан ауданы) ІІІ орынды місе тұтты. «Көрермендер көзайымы» арнайы жүлдесіне Төрехан Тажин (Қорғалжын ауданы) ие болды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here