Кәсіпорын қала тұрғындарына концерт алаңын сыйға тартты

0
609

Кеше, 13 қыркүйекте Сәтбаевта қала күні атап өтілді. Эпидемиологиялық ахуалға және карантин шектеулеріне байланысты мерекелік іс-шаралардың дені онлайн форматта ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шаралар академик Қ. Сәтбаев ескерткішіне гүл қоюдан басталды. Академик ескерткішіне қала әкімінің міндетін атқарушы Айгүл Төлендина мен «Қазақмыс» корпорациясының филиалы – «Жезқазған түстімет» ӨБ бас директоры Бауыржан Баймұханов, қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук, қоғамдық кеңес төрағасы Марал Мадиева бастаған қала активі мен ардагерлері гүл шоқтарын қойып, ұлы ғалым рухына құрмет көрсетті.

Одан әрі мерекелік жоспарға сай Ерден көшесі 145-үйдің ауласында тұрғындарға демеушілердің тартуы – шағын концерт алаңының ашылуы өтті.

«Қаламызда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай меценаттардың, ірі кәсіпорындардың қолдау шаралары жүйелі жалғасын табуда. Соның бір дәелелі «Казахмыс Мэйтенанс Сервисиз» ЖШС шахта жабдықтары зауыты осы ауланы абаттандырып, концерт алаңын сыйға тартуды мойнына алған еді. Міне, қала күні қарсаңында тұрғындарға тамаша тарту болды. Демеушілерге қала басшылығы атынан алғысымды білдіремін», – деді өз сөзінде қала әкімінің міндетін атқарушы А. Төлендина.

Мерекелік іс-шаралар қала мекемелері мен ұйымдарының жоспарына сай әлі де жалғасуда.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here