Қызылордалық оқушылар Тәуелсіздік жетістіктерін талқылады

0
636

Қызылорда облысының білім беру ұйымдарының 2-11 сыныптарында 23 қыркүйекте Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаты өткізіледі. Сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» кураторлық сағаттары өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мемлекетіміздің даму тарихы, жеткен жетістіктері туралы отандық телеарналар әзірлеген медиаконтенттер қолданылды. Бұл материалдар оқушылар мен студенттерге ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін ұғындырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастыруда, дамытуға зор маңызға ие болары анық.

Міне, бүгін Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінде осы мақсатта Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында тағлымды шара өтті. Кездесуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастық профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай Яхияұлы, Желтоқсан оқиғасына қатысушы Қарлығаш Бекқожаева қатысып, Тәуелсіздік құндылығы турасында сөз қозғады.

Материалдар мазмұны бойынша Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы тарихи рөлі, көреген саясаты және жасампаз қызметі туралы, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы аса ірі оқиғалар мен мемлекет тарапынан атқарылған іс-шаралар, еліміздің егемендігі мен біртұтастығының басты атрибуттары туралы, Түркістанның қазіргі жаңа келбеті және оның болашағы туралы, туған жердің қадір-қасиеті туралы бағыттарды қамтыды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here