«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны басталды

0
376

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында елімізде 1 қазаннан бастап «Ауылдың гүлденуі –Қазақстанның гүлденуі» атты марафоны басталды.

Марафон отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халық қолөнерінің элементтерін сақтау және көрсету, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында өткізіледі.

Іс-шара шеңберінде отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдері саласындағы жетістіктерінің көрмелерін ұйымдастыру, деректі фильмдер шығару, еңбеккерлердің, ғалымдардың, аудандардың құрметті азаматтарының қатысуымен ауыл өмірі туралы мақала жариялау жоспарлануда.

Жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шаралар ауыл шаруашылығы тауарларын ішкі және сыртқы нарықтарға жылжытуға, азаматтарды ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізілген табыстармен таныстыруға, қазақстандық мемлекеттілікті сақтауға және нығайтуға, Қазақстан азаматтарының ортақтық және патриотизм сезімін күшейтуге бағытталатын болады.

Іс-шаралар эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2021 жылғы 1-31 қазан аралығында қалаларда, аудандар мен ауылдарда өткізілетін болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here