«Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» жастар форумы өтті

0
237

Павлодар облысында «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» жастар форумы өткізілді. Облыс ақпарат және қоғамдық даму басқармасы атап өткендей, форум Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі аясында өтті. Форумға жастар қоғамдық ұйымдарының басшылары, мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарының белсенділері, сондай-ақ жастар ресурстық орталықтарының директорлары қатысты.

Белсенді жастар осы іс-шара шеңберінде «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды талқылады.

«Аталған форумның басты мақсаты – еліміздің жас азаматының жағымды бейнесін қалыптастыру және танымал ету, жастарды елді жаңғырту, түрлі қызмет бағыттары бойынша Қазақстанның әлеуетін дамыту, мәдениетаралық диалог, сондай-ақ Облыстың жастар активін дамыту процесіне белсенді қатысуға шақыру болды», – деп атап өтті басқармада.

«Бүгінде жастар еңбек етіп, өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосуда және тек Ертіс өңірінде ғана емес, Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал тұлғалар болып табылады. Еліміздің, облыстың басшылығы тәуелсіздіктің қалыптасуында жас ұрпаққа жеке рөл бөлетіні қуантады. Бұл жаңа салалардың, жаңа технологиялардың дамуына жаңа серпін береді, жаңа идеялар мен ниеттердің тууына қосымша серпін береді және олардың қолдауы сөзсіз», – деп облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының бөлім басшысы Зарина Байжанова өз пікірімен бөлісті.

«Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз дамудың түрлі салаларында үлкен секіріс жасады және бұған тек аға буын ғана емес, сонымен қатар белгілі бір мәселелерді шешудің жаңа жолдарын ұсынатын жас буын да ықпал етті», – деп атап өтті онлайн форумға қатысушы «Жасыл ел» ЖЕЖ облыстық штабының командирі, Самекова Русана.

Ұйымдастырушылар сондай-ақ, өңірде 15 қазан «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасының бірыңғай күні болып белгіленетінің атап өтті. Осы күнді өткізу туралы толық ақпаратты облыс қалалары мен аудандарының ішкі саясат бөлімінен алуға болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here