Тараздағы халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша қарар қабылданды

0
254

Жұма, 15 қазанда Таразда өткен «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен болашаққа міндеттер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өз жұмысын аяқтады. Оған Ресей, Украина, Израиль, Болгария, Өзбекстаннан келген этносаралық қатынастар саласындағы 200-ден астам сарапшы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Ұлттық экономика, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктерінің, философия, саясаттану және дінтану институттарының өкілдері қатысты.

Сол күні конференция жұмысы мультикультурализм ортасының қақтығыстардың алдын алудағы ғылыми-сараптамалық әлеуеттін пайдалануға, сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне арналды. Секциялық жұмыстар барысында халықаралық сарапшылар этносаралық қатынастар саласындағы тәжірибелерімен бөлісті, ақпараттық кеңістікте реттеу тәсілдері мен қақтығысты жұмылдыру туралы, көп мәдениетті қоғамдағы креативті білім туралы атап өтті, сондай-ақ бірегейлік саясатына және ұлттық және діни бірегейліктің синтезіне тоқталды.

Отандық сарапшылар этносаясат мәселелерінде зерттеу, талдау және сараптамалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын институционалдық құрылымдар мен ұйымдарды таныстырды. Қатысушылар Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты және ҚХА кафедралары қауымдастығының қызметімен егжей-тегжейлі танысты.

Сонымен қатар, ҚХА депутаттық тобының рөлі және өңірлерде ҚХА мүшелері іске асырып жатқан әлеуметтік жобалар, қазіргі қоғамдағы азаматтық бірегейлік пен толеранттылықты нығайту туралы мәселелер көтерілді.

Этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді екі күндік талқылау қорытындысы бойынша конференцияға қатысушылар этносаясатты іске асыру барысында проблемалық мәселелерді қалыптастырудың, нығайтудың және тиімді шешудің маңызды аспектілерін көрсететін қарар қабылдады.

Конференцияның қорытынды бөлімінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев конференцияны қорытындылап, барлық қатысушыларға этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here