Санкция салқыны: Беларусьтегі МӨЗ 80 млн доллар шығынға батты

0
653

Бейсенбі, 28 қазанда Беларусь премьер-министрінің орынбасары Юрий Назаров Батыс елдерінің санкцияларына байланысты елдегі мұнай өңдеу зауыттарының шығыны қазірдің өзінде 80 млн долларды құрағанын айтты.

«Өкінішке қарай, біз санкциялық жағдай ұзаққа созылатынын және ол алдағы уақытта еліміздің экономикасы үшін қатты сезілетінін түсінеміз. Мысал келтірейін: санкциялық шаралар нәтижесінде бір ғана отандық мұнай өңдеу зауыттарының шығыны 80 млн долларды құрады», – деді Юрий Викторович.

«Балапанды күзде санайды» дегендей, санкциядан зардап шеккен бұл бір ғана сала. Ал, Батыс елдері Беларусьтің бірнеше саласына санкция салды, салып та жатыр. Сөйтіп, санкция құрсауында қалған ел Түркия, Ирактан келген көптеген босқындарды шекарасы арқылы заңсыз Еуропалық Одаққа мүше көршісі Литваға жіберді. Мұны Брюссель Еуропалық Одаққа саяси қысым жасау үшін Минск босқындарды әдейі пайдаланып жатыр деп санайды. Соған байланысты 22 қазанда Еуропалық Одақ елдерінің басшылары Лукашенко режиміне жаңа санкциялар салу жоспарларын жариялады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here