Норио ОМАГАРИ: «Жапондардың 70%-дан астамы екпенің толық дозасын алды»

0
1013

Мен коронавирустық дағдарыс жөніндегі үкіметтік топтың мүшесі ретінде вакцинация коронавирус инфекциясынан қорғанудың маңызды және жалғыз тиімді құралы екенін атап өткім келеді. Осы жазда Жапония коронавирус пандемиясының бесінші толқынын бастан өткерді. Бақытымызға орай, біз оны халықты вакцинациялау науқанының қарқынды жүргізілуі арқылы жеңе алдық. Жалпы, Жапония вакцинация науқанын басқа дамыған елдерге қарағанда сәл кештеу бастады. Бірақ, соңғы бірнеше айда жапон үкіметі бұл науқанды жандандырды және қазіргі уақытта халықты вакцинациялау деңгейі шамамен 74%-ға жетті. Бұл ретте вакцина алған егде адамдардың үлесі 90%-ды құрайды. Бұл әлемдегі жоғары көрсеткіш болып табылады.

Вакцинацияны уақытылы жүргізу ғана адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазір адамзат үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру өте маңызды. Сонда ғана бұрынғы өмірімізге тезірек орала аламыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақстандықтарды өз қауіпсіздігі шараларын сақтауды жалғастыруға және осы ауруды бірге жеңе алуымыз үшін екпе алуға шақырамын.

Норио ОМАГАРИ,
Жапонияның ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры,
Коронавирустық дағдарыс жөніндегі үкіметтік топтың мүшесі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here