«Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін Елбасы Президентке тапсырады

0
96

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдай отырып, партияны ел Президенті басқаруы керектігін атап өтті. Өкілеттікті беру рәсімі партия жарғысына сай жүзеге асатын болады» делінген хабарламада.

Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін Президентке тапсыру туралы шешімін түсіндірді.

«Заманауи Қазақстанның негізін қалаған, жанын салып, бүкіл өмірін елге арнаған адамның әрқашан халық мүддесін ойлап, еліміздің болашағы үшін алаңдайтынын бәрі түсінеді деп ойламын. Елбасының бұл ұстанымы өзгермек емес. Бүгінгі шешім – билікті тапсырудың логикалық жалғасы ғана. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясы, әсіресе қазіргі пандемиядан болып отырған жаһандық дағдарыс кезінде Қазақстан Президенті үшін басты тірек болуы керек. Жарғыға сәйкес, «Nur Otan» партиясының Төрағасын сайлау мен оны лауазымынан босату толығымен Партия съезінің құзыретінде. Оған дейін Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының қызметінде болады», – делінген Айдос Үкібайдың ресми пікірінде.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here