Ұстаздар ұстаханасында Ғылым айы басталды

0
1216

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  «Ғылым  айы» басталды. 10 сәуір мен  30 мамыр аралығында өтетін «Ғылым айы – 2023» ғылыми шарасының  ашылуы  салтанатына Университеттің Басқарма Төрағасы мен мүшелері, университет ғалымдары  мен  студенттері  қатысты.

Аталмыш шарада  жас  ғалымдардың  «Сіріңкесіз от жағу», «Судың қасиеті», «Ғарыштық жаңбыр», «Қалқыған жұмыртқа», «Түрлі-түсті орамжапырақтың көмегімен рН индикатор жасау»,«Вулкан», «Биурет реакциясы», «Ксантопротеин реакциясы» сынды қызықты ғылыми тәжірибелерінен көрмелер қойылып, студенттер өз жұмыстарымен таныстырды.

Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы ғылым күнімен барша ғалымдарымызды құттықтап, университетіміздің ғылыми даму жоспарымен бөлісті.

Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2022 жылғы қорытындысы бойынша Университеттің ғылыми жетістіктеріне үлес қосқаны үшін Басқарма Төрағасы – Ректордың  Алғыс хатымен  келсідей институттар және  кафедралар марапатталады:

Жаратылыстану институты, Физика, математика және цифрлы технологиялар институты, Педагогика және психология институты, Филология институты, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Физика кафедрасы, Математика кафедрасы, Биология кафедрасы, Қазақ әдебиеті кафедрасы марапатталды.

Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2022 жылғы қорытындысы бойынша үздік атанған келесідей  кафедралар  марапатталды: 3 орын – География кафедрасы, 2 орын – Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы, 1 орын – Химия кафедрасы.

Сонымен  қатар, 2023 жылы ғылыми іс-шараға қатысып, жеңімпаз атанған студенттер де Басқарма Төрағасы – Ректордың Алғыс хатымен марапатталды.

Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2022 жылғы қорытындысы бойынша үздік атанған профессор-оқытушылар Басқарма Төрағасы – Ректордың Алғыс хатымен және ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу шығындарын төлеу үшін 50 000 теңге сертификатымен ғалымдарымыз және үздік атанған жас ғалымдар марапатталды.

Университет ғылымының дамуына үлес қосқан және жанашыр ғалымдарға арнайы номинациялар да тағайындалды.

«СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ» номинациясымен Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 2022 жылы жеңімпаз атанған студенттердің ғылыми жетекшілері және Ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу шығындарын төлеу үшін ғалымдарымыз 70 000 теңге сертификатпен марапатталды. «СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМДЫ  ДАМЫТУ» номинациясымен Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы бойынша жеңімпаз атанған командалардың кафедралары марапатталып, кафедра оқытушыларының ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және кәсіби даму шығындарын төлеу үшін 100 000 теңге сертификат берілді.

«ЕҢ АДАЛ ҒАЛЫМ» номинациясы бойынша Физика, математика және цифрлы технологиялар институтының ғалымы марапатталып, ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 100 000 теңге  сертификаты берілді.

«БЕЛСЕНДІ ЖАС ҒАЛЫМ» номинациясы бойынша Физика, математика және цифрлы технологиялар институтының ғалымы марапатталып, ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 150 000 теңге  сертификаты берілді.

«ҒЫЛЫМ САҚШЫСЫ» номинациясы бойынша Жаратылыстану институтының жас ғалымы марапатталып, ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 150 000 теңге сертификаты берілді.

«ЕҢ КӨП ДӘЙЕКТЕЛГЕН МАҚАЛА АВТОРЫ» номинациясы бойынша Жаратылыстану институтының ғалымы марапатталып, ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 200 000 теңге сертификаты берілді.

«БЕЛСЕНДІ ҒАЛЫМ» номинациясы бойынша Жаратылыстану институтының ғалымы марапатталып, ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 200 000 теңге сертификаты берілді.

«ХИРШ ҮЗДІГІ» номинациясы бойынша физика, математика және цифрлы технологиялар институтының техника ғылымдарының докторы, профессоры марапатталып, ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 300 000 теңге сертификаты берілді. 

«КӨШБАСШЫ-ҒАЛЫМ» номинациясы бойынша Жаратылыстану институтының химия ғылымдарының докторы, профессоры марапатталып, ғылыми практикалық конференцияларға қатысу, мақала жариялау және зертхананы жалға алу үшін 300 000 теңге сертификаты берілді. 

 «Ғылым айы – 2023» іс-шарасы аясында университетімізде бір ай бойы семинарлар,  дөңгелек  үстелдер,  тәжірибелік  сағаттар  өтіп,  шетелдік ғалымдарымызбен  онлайн,  офлайн кездесулер де  ұйымдастырылмақ.

Коммуникация және маркетинг департаменті

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here