Ауыр атлетика: Бес спортшы, бір медаль

0
323

Өзбекстан ауыр атлетикадан 86-шы Әлем чемпионатын қабылдады. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы бұл додада бір алтын медальмен ғана шектеліп, жалпыкомандалық есепте 11-орынды Индонезия, Мысыр, Моңғолия және Туниспен бөлісті. Ташкенттің алдындағы соңғы екі Әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте ешбір елді алдына салмаған Қытай құрамасы бұл жолы қатыспады.

  Ташкент төрінде Қазақстан құрамасының намысын бес ауыр атлет (үш ер, екі әйел) қорғады. Соның ішінде 55 келіде сынға түскен қазақстандық Арли Чонтей ұлттық құрама қоржынына жалғыз жүлдені салды. Ауыр атлет жұлқа және серпе көтеруден барлық алты мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Ол жұлқа көтеруде 118 келіні еншісіне байлады. Ал, серпе көтеруде 142 келі зілтемірді еңсерді. Осылайша, қоссайыс нәтижесімен 260 келіні бағындырған отандасымыз қарсыластарын қапы қалдырды. Аталған салмақта күміс пен қола жүлделерді Таиланд және Болгария спортшылары иеленді.

Айта кетейік, Артем Антропов (96 келі) пен Айзада Муптильда (87 келіден жоғары) төртінші орын алып, қола жүлдеге бір табан жақын болды.

ТОП-05: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕҢ КӨП МЕДАЛЬ АЛҒАН ЕЛДЕР

Мемлекет Алтын Күміс Қола Барлығы  
Корея Республикасы 4 1 2 7  
Өзбекстан 2 3 5  
Тайланд 2 2 1 5  
Колумбия 1 4 5  
Иран 1 1 1 3  
Грузия 1 1 1 3  
Қазақстан 1 1  

Дереккөз Wikipedia   Инфографика Айнұр Қайратбекқызы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here