Ақ Олимпиадада ел намысын 34 спортшы қорғайды

0
680

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті санаулы күннен кейін Қытай астанасы Бейжің қаласында басталатын XXIV қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың толық құрамын жариялады. Ақ Олимпиадада ел намысын 34 спортшы қорғайды.

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) шешімі бойынша, Қазақстан командасына шаңғымен жарысудан қосымша бір жолдама берілді. Бұл тағы бес дисциплина бойынша бақ сынауға мүмкіндік сыйлады. Сондай-ақ, фристайл-могулдан тағы бір квота бөлінді.

Шаңғы жарысы – Виталий Пухкало, Евгений Величко, Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашкина және Ангелина Шурыга.

Фристайл-могул – Юлия Галышева, Аяулым Амренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков.

Шаңғы акробатикасы – Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Шерзод Хаширбаев.

Тау шаңғысы – ерлер арасында Захар Кучин (слалом мен гигантты слалом), әйелдер арасындағы слаломда Александра Троицкая.

Шаңғымен секіру – Сергей Ткаченко мен Данил Васильев, сондай-ақ, шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаров.

Биатлон – Галина Вишневская-Шепоренко, Александр Мухин мен Владислав Киреев.

Конькимен жүгіру спорты – Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников пен Денис Кузин.

Шорт-трек – Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Ольга Тихонова.

Осылайша, қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 87 жолдама жеңіп алды.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары 4 ақпан күні басталып, 16 ақпанда мәресіне жетеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл ойындарға әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Онда 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here