Алматы қаласында жаңа нысандардың биіктігі шектеледі

0
642

Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мегаполистегі құрылыс саласындағы жаңа талаптар туралы сөз қозғады.

Әкім орынбасарының айтуынша, құрылыстың жаңа ережелері өткен жылы тарихи орталықтың сақталуын ескере отырып қабылданды. Оларға мектептерді, балабақшаларды және басқа да инфрақұрылымды қадамдық қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй кешендерін салушылардың міндеттемесі де енгізілген.

«Абай даңғылынан жоғары Әл-Фараби даңғылы мен Жандосов көшесіне дейінгі, Шығыс айналма жолынан Саин көшесіне дейінгі учаскелердегі тұрғын үй ғимараттарының биіктігі шектеледі. Сондай-ақ, тау баурайларында аз қабатты тұрғын үй кешендерін салуға да тыйым салынады», – деп түсіндірді Мұхит Бақытұлы.

Тұрғын үйлердің биіктігін шектеу себептерінің ішінде әкім орынбасары мынаны атап өтті:

– Қаланың табиғи жағдайына, сәулеттік дәстүрлеріне сай келмейтін тұрғын үй кешендерінің көбеюі;

– Бұрыннан бар сәулет-ландшафтық көрікті жерлерді сақтау және анықтау;

– Жайлы кеңістік құру және қалыптастыру;

– Тау етегінде тұрғын үй құрылысының жоғары тығыздығы;

– Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының талап етілетін деңгейге сай келмеуі;

– Әртүрлі жағдайларда, оның ішінде қауіпсіздік жағынан биік тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға және оларға қызмет көрсетуге қойылатын нормативтік талаптардың болмауы.

Осыған байланысты көрсетілген аудандардағы ғимараттар биіктігінің шекті параметрлерін 5 және 9 қабаттан аспайтын етіп салу ұсынылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here