Кәсіпкерлер алты айға жалға алу ақысынан босатылады

0
391

Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтарында орынды жалға алушылар алты айға жалға алу ақысынан және үш айға коммуналдық төлемдерді төлеуден босатылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Әкімнің мәліметінше, жеңілдік алғандардың қатарында «Silkway», «Пассаж», ЦУМ, «Москва» сауда және ойын-сауық орталықтары бар.  

Сонымен қатар «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен алматылық кәсіпкерлерге кепілдікпен немесе ішінара кепілдік арқылы 2%-бен айналым қаражатын толықтыру үшін 12 айға дейін несие алу мүмкіндігі беріледі. Оның сомасы 10 млн теңгеден аспауы керек.

Айта кетейік, елімізде 19 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де Төтенше жағдай режимі аяқталды. Ол 5 қаңтарда енгізілген болатын. Төтенше жағдай сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы шерулерден басталған. Кейін оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Әкімшілік ғимараттарға, полиция бөлімшелеріне, дүкендерге шабуыл жасалды. Алматы қаласы ең көп зардап шекті. Мұнда бизнеске 100 млрд теңге төңірегінде шығын келтірілді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here