Әлем елдерінде орташа зейнетақы көлемі қандай?

0
1659

Тиімді зейнетақы жүйесін құру, әрбір азаматын мұңсыз қарттықпен қамтамасыз ету – кез келген мемлекет үшін басты міндеттердің бірі. Түптеп келгенде, зейнетақы жүйесіне бүгінде жұмыс істеп жүрген кез келген адамның келешегі деп қарауымыз керек. Сондықтан зейнетақы жүйесіндегі әрбір өзгеріске, оның көлеміне бәріміздің елең ете қалатынымыз да рас. Ғасырдан астам тарихы бар «Qazaq» газеті бүгін әлемнің елу еліндегі орташа зейнетақы көлеміне және зейнетке шығу жасына тоқталады.

Мемлекет Зейнетақы көлемі Зейнетке шығу жасы
Ұлттық валюта АҚШ доллары Еркектер Әйелдер
Кувейт 906 KWD 2 994 USD 50 жас 50 жас
Біріккен Араб Әмірлігі 10 200 AED 2 777 USD 55 жас 50 жас
Дания 2 400 EUR 2 728 USD 67 жас 67 жас
Австрия Ерлер үшін

2 268 EUR

Әйелдер үшін

1 292 EUR

2 573/ 1 466 USD 65 жас 60 жас

(2033 жылдан 65 жас)

Норвегия 20 925 NOK 2 353 USD 67 жас 67 жас
Швейцария 1 953 CHF 2 112 USD 65 жас 64 жас
Финляндия 1 632 EUR 1 855 USD 68 жас 68 жас
Израиль 5 300 ILS 1 662 USD 67 жас 62 жас
* Жапония 183 396 JPY 1 585 USD 65 жас 65 жас
АҚШ 1 503 USD 1 503 USD 66 жас 66 жас
Франция 1 300 EUR 1 478 USD 62,6 жас 62,6 жас
Нидерланд 1 300 EUR 1 477 USD 68 жас 68 жас
Италия 1 194 EUR 1 357 USD 65 жас 65 жас
Ирландия 1 071 EUR 1 217 USD 66 жас 66 жас
Швеция 10 000 SEK 1 080 USD 67 жас 67 жас
Аустралия 1 505 AUD 1 079 USD 67 жас 67 жас
Жаңа Зеландия 1 600 NZD 1 063 USD 65 жас 65 жас
Испания 903 EUR 1 027 USD 65 жас 65 жас
Ұлыбритания 691 GBP 936 USD 65 жас 65 жас
Кипр 800 EUR 909 USD 65 жас 65 жас
Германия 782 EUR 889 USD 65 жас

(2031 жылдан 67 жас)

65 жас

(2031 жылдан 67 жас)

Мексика 18 000 MXN 883 USD 65 жас 65 жас
Грекия 722 EUR 821 USD 65 жас 65 жас
Оңтүстік Корея 910 000 KRW 760 USD 60 жас 60 жас
Чехия 14 373 CZK 671 USD 61 жас 60 жас
Эстония 582 EUR 662 USD 63,6 жас

(2026 жылдан 65 жас)

63,6 жас

(2026 жылдан 65 жас)

Польша 2 500 PLN 632 USD 65 жас 60 жас
Португалия 550 EUR 625 USD 65 жас 65 жас
Словакия 460 EUR 523 USD 62 жас 59 жас
Литва 440 EUR 500 USD 64,4 жас

(2026 жылдан 65 жас)

63,8 жас

(2026 жылдан 65 жас)

Латвия 411 EUR 467 USD 64,4 жас

(2026 жылдан 65 жас)

63,8 жас

(2026 жылдан 65 жас)

Венгрия 135 000 HUF 431 USD 62 жас 62 жас
Хорватия 2 500 HRK 377 USD 65 жас 60 жас
Түркия 4 000 TRY 293 USD 60 жас (2044 жылдан 65 жас) 58 жас

(2044 жылдан 65 жас)

Болгария 489 BGN 284 USD 64 жас 61 жас
Румыния 1 071 RON 246 USD 63 жас 58 жас
Бразилия 1 250 BRL 242 USD 65 жас 62 жас
Қазақстан 94 733 KZT 221 USD 63 жас 60,6 жас

(2027 жылдан 63 жас)

Әзербайжан 370 AZN 217 USD 65 жас 62,6 жас

(2027 жылдан 65 жас)

Ресей Федерациясы 15 431 RUB 205 USD 61,6 жас

(2028 жылдан 65 жас)

56,6 жас

(2034 жылдан 63 жас)

Иран 80 250 IRR 191 USD 60 жас 55 жас
Беларусь 456 BYN 178 USD 63 жас 58 жас
Украина 4 533 UAH 161 USD 62 жас 60 жас
Молдова 2 256 MDL 126 USD 63 жас 59,6 жас

(2028 жылдан 63 жас)

Армения 43 800 AMD 91 USD 63 жас 63 жас
Грузия 70 жасқа дейін

260 GEL

70 жастан кейін

300 GEL

89/ 102 USD 65 жас 60 жас
Өзбекстан 924 780 UZS 85 USD 63 жас 58 жас
Қырғызстан 6 248 KGS 73 USD 63 жас 58 жас
Аргентина 5 446 ARS 52 USD 65 жас 60 жас
Тәжікстан 303 TJS 27 USD 63 жас 58 жас
Дереккөз  Visasam.ru  |  Инфографика  Айнұр Қайратбекқызы

Ескерту:

* Заң бойынша 65 жасқа толған кез келген Жапония азаматы зейнетке шығу туралы өтініш жазуға құқылы. Дегенмен, жапондар 65 жаста зейнетке шығуға асықпайды. Өйткені, 70, 75 жаста зейнетке шыққандар әлдеқайда көп зейнетақы алады. Айта кетейік, жапондардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 84,6 жас. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде Гонконгтан (84,9 жас) кейінгі екінші орын алады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұл көрсеткіш Қазақстанда – 73,6 жасты құрайды.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

4,8 млн халқы бар Тынық мұхитының оңтүстік-батысында орналасқан Жаңа Зеландияны әлемдік қауымдастық көбіне «зейнеткерлерге арналған жұмақ елге» балайды. Айтса айтқандай, елдегі халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 80-82 жасты құрайды, ал жаңазеландиялықтар зейнетке 65 жаста шығады. Бұл – бір. Екіншіден, орташа зейнетақы көлемі айына 1 000 АҚШ долларынан асады, яғни зейнетақы көлемі орташа айлықтың 40 пайызын құрайды. Үшіншіден, зейнетақы көлемі еңбек өтіліне, айлығына байланысты болмайды. Отбасылы адамға қарағанда жалғызбасты адам зейнетақыны көбірек алады. Бұны «Жалғызбасты адам барлық шығындарын өзі өтеуі қажет болғандықтан оған көбірек төленеді» деп түсіндіреді билік басындағылар. Төртіншіден, Жаңа Зеландияда зейнетақы алу үшін елдің азаматтығының бар-жоғы маңызды емес. Тек, зейнетақы тағайындалуы үшін 20 жастан бастап 10 жыл және 50 жастан кейін 5 жыл сол елде үздіксіз тұру керек. Мұндай мүмкіндік жер шарының басқа бірде-бір елінде жоқ.

Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ, «Qazaq» газеті

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here