Қуғын-сүргінге ұшыраған Мәмбеткәрім ишан кім болған?

0
2261
Астанадан 40 шақырым арыда орналасқан Ақмола облысының Ақмол ауылындағы дәл «АЛЖИР» лагерінің орнында ашылған мемориалды-музей кешені

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін жаңа өкімет шаруалар мен диқандарды күштеп ұжымдастыру үшін байлардың және діни сауаты бар адамдардың жерін тартып алып, өздерін қамаққа алды. Коммунистік партияның қылышынан қаны тамып тұрған заман ғой. Елдің тағдырына жауапты тұлғаларды қуғындау, мешіт-медреселерді жаппай жабу жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асты. 1928-1929 жылдары байлар мен ишан, молдалардың тізімі құпия түрде әзірленіп, ол Ішкі істер халық комиссариатына (НКВД) берілді. Сол тізімнің ішінде болған Жұмабек ишанның балалары Мәмбеткәрім ишан мен Әбдікәрім мақсым Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) ұйымдары атынан қуғынға ұшырады.

Айыптау қорытындысының көшірмесі

1929-1931 жылдары КСРО саясатына байланысты елдегі қожа, молда, ишандарға қырғидай тиіп, шетінен тізіп айдап жатқанда, Мәмбеткәрім атамыз да қамақта отырады. Оны «Кеңес үкіметіне қарсы күрескен, әкесінен қалған мешітке имам болып, ауыл балаларына арабша білім берген, үкіметке салық төлемеген және діни көзқарастағы қайраткер» деп айыптап, 1931 жылы 8 тамызда қамаққа алады. Бұл кезде Мәмбеткәрім ишан 46 жаста болған.

Қуғын-сүргінге ұшыраған атамыз туралы менен үлкен ағаларым тиісті орындарға хабарласып, іздестіру жұмыстарын жүргізген. Дегенмен, құзырлы органдар «ешқандай мәлімет жоқ» дегеннен басқа жауап қайтармаған. Кейін сұрастыра беруге де қорқатын болған.

2011 жылы менің өмірімдегі елеулі әрі қуанышты оқиғалардың бірі болды. Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан республикасының баспасынан жарық көрген тарих ғылымдарының докторы, профессор Шәріп Бабашевтің «Жазықсыз жазаланған репрессия құрбандары» кітабы қолыма түсті. Құнды еңбектің 379-бетінде атам Мәмбеткәрім ишан туралы деректер бар. Онда: «Жұмабеков Мәмбеткәрім – 1885 жылы Бірінші ауылда туған, колхоздастыруға қарсы үгіт-насихат жүргізгені және көтерілісшілерге қосылғаны үшін 1931 жылы 8 тамызда қамалған, 1990 жылы 4 мамырда ақталған» деп жазылған.

Ұрпағы үшін құнды деректер деуге де болады. Неге десеңіз, бұған дейін жазықсыз жаланың құрбаны болған Мәмбеткәрім атамыз туралы ешқандай мәлімет не хабар болмаған. Жоғарыда аталған кітаптың авторын іздеп тауып, онымен кездесіп, анығын сұрап білгеннен кейін Өзбекстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хат жолдадым. Көп ұзамай көрші елден жауап хат та келді.

«Рассмотрев Ваше обращение, сообщаем, что по архивным материалам проходит: Жумабеков Мамбеткарим (Мамбеткарим ишан Жумабеков), 1885 года рождения, уроженец и житель 1-го аула Тахтакупырского района ККАССР (Кара-Калпакская АССР), по национальности казах, ишан (после смерти отца в 1916 году замещал его должность), имел собственную мечеть. Семья, жена – Мамбеткаримова Шунум, сыновья – Нажмутдин, Сиражатдин и Махмут; дочь – Айша.

В архивных материалах указано: «Жумабеков Мамбеткарим является ишаном, имеет собственную мечеть, физическим трудом не занимался, а вел свое хозяйство исключительно путем эксплуатации населения, используя, для этого свое влияние как представитель духовенства и религиозный фанатизм населения. Будучи ишаном он являлся все время ярым противником советской власти и это доказал тем, что на второй день Тахтакупырского контрреволюционного выступления в сентябре 1929 года он с группой других антисоветский настроенных лиц решил присоединиться к повстанцам. Прибыв в Тахтакупыр Жумабеков М. выяснил, что выступление разгромлено частями Красной армии и повстанцы разбиты, в связи с чем он возвратился домой. В хлопкозаготовительную компанию. В 1930 году Жумабекову М. был дан хлопковый план на 20 пудов. Указанные 20 пудов хлопка Жумабеков не сдал, в связи с чем на него был наложен штраф в сумме 200 рублей. В целях уклонения от уплаты штрафа он укрылся из аула и не появлялся до июля месяца 1931 года». Обвинялся по ст. ст. 58 п. 2 (вооруженное восстание или вторжение в контрреволюционных целях на советскую территорию вооруженных банд), 16-58 п. 7 (вредительство) Уголовного Кодекса РСФСР.

Постановлением Тройки при ПП ОПТУ в Средней Азии от 26.08.1931 года без ссылки на статьи уголовного закона заключен в концлагерь сроком на 5 (пять) лет.

4 мая 1990 года заключением Прокуратуры Узбекской ССР, на основании ст. 1 Указа Президиума Верховного Совета СССР от 16 января 1989 года «О дополнительных мерах по восстановлению справедливости в отношении жертв репрессий, имевших место в период 30-40-х годов и начала 50-х годов» Жумабеков Мамбеткарим реабилитирован» делінген бөлімше бастығы А. Сахиевтің қолы қойылған жауап хатта.

Өзбекстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан алынған нақтылы тарихи құжаттан басқа Өзбек КСР прокурорының бірінші орынбасары, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ю.Р. Рахманов бекіткен 1990 жылғы 4 мамырдағы Мәмбеткәрім ишанға ашылған №591 қылмыстық іс қорытындысының көшірмесін де алдық.

«ЗАКЛЮЧЕНИЕ
в отношении Жумабекова Мамбеткарима по материалам уголовного дела (арх. №591)

Фамилия, имя, отечество Жумабеков Мамбеткарим
Дата и год рождения 1885 г.р.
Место рождения аул №1, Тахтакупырского района, ККАССР
Сведения о партийности (в том числе № партиного билета) беспартийный
Место работы и должность до ареста религиозный деятель – имам
Место жительства до ареста аул №1, Тахтакупырского района, ККАССР
Данные о родственниках жена – Шунум, сыновья – Нажмутдин, Сиражатдин, Махмут, дочь – Айша Мамбеткаримова

Дата ареста, предъявления обвинения, когда и каким несудебным органам было вынесено решение по делу арестован 08.08.1931 г. Обвинялся в том, что он пытался присоединится к Тахтакупырским повстанцам в сентябре 1929 г. В целях срыва хлопкозаготовительной и хлебозаготовительной кампании не выполнил данного ему плана хлопка, хлеба и скрылся из аула, т.е. в пр. ст. 08. п.2, 16-58 п. 7 УК РСФСР. Постановлением Тройки при ПП ОГПУ в Ср. Азии от. 26.09.1931 г. без ссылки на статьи уголовного закона заключен в концлагерь сроком на пять лет. Принимая во внимание, что предъявленное обвинение не доказано материалами дело, поэтому Жумабеков Мамбеткарим подпадает действие ст. 1. Указа Президиума Верховного Совета СССР от 16 января 1989 г. «О дополнительных мерах по восстановлению справедливости в отношении жертв репрессий, имевших место в период 30-40-х годов и начала 50-х годов» делінген қылмыстық іс материалдары бойынша Мәмбеткәрім Жұмабековке қатысты қорытындыда.

Егер осы екі құжатта жазылғандарға көңіл бөліп қарайтын болсақ, арада 60 жыл өткеннен кейін, анығы 1990 жылы 4 мамырда ӨзКСР прокурорының аға көмекшісі, аға әділет кеңесшісі Т.В. Дерень мен ӨзКСР МҚК тергеу бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Г.В. Биндасовтың қорытындысын Өзбек КСР прокурорының бірінші орынбасары, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ю.Р. Рахманов бекіткен құжатта КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1989 жылғы 16 қаңтардағы «30-40 жылдар мен 50 жылдардың басында орын алған қуғын-сүргін құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығы бойынша Мәмбеткәрім Жұмабековтың ақталғаны жазылған.

Айыптау қорытындысы төменде келтірілген:

«ОБВИНИТЕЛЬНОЕ ЗАКЛЮЧЕНИЕ
Утверждаю Нач. ККО ОГПУ
По ст. 58 п. 2. п. 7 УК РСФСР по делу №202, Жумабекова Мамбеткарима, 7 сентября 1931 г.

В начале августа месяца уполномоченному КК Обл. отдела ОГПУ по Тахтакупырскому району поступили сведения о том, что скрывающийся от выполнения гособязательств, Жумабеков Мамбеткарим появился в своем ауле и задержан аульными властями 8/8 с.ч. Жумабеков был доставлен райаппарат ОГПУ.

На основании изложенного Жумабеков Мамбеткарим, казах, 46 лет, подданный, духовный, имущество конфисковано за невыполнение гособязательств, женат, несудившийся, беспартийный, житель аула №1 Тахтакупырского района.

1. Обвиняется в том, что он пытался присоединиться к Тахтакупырском повстанцам в сентябре 1929 г. с целью свержения советской власти.

2. В целях срыва хлопкозаготовительной и хлебозаготовительной кампании не выполнил данного ему плана хлопка, хлеба и скрылся из аула т.е. в преступления предусмотренной ст. 58. п. 2.16-58 п. 7 УК РСФСР. Следственное дело №202 по обвинению Жумабекова Мамбеткарима по согласовании прокурором ККАО направить в Тройку ПП ОГПУ в Средней Азии на внесудебное разбирательство. Заключенного Жумабекова сего числа числить содержанием за ПП ОГПУ в Средней Азии. Обвиняемый Жумабеков содержится под стражей в Чимбаиской Домзаке.

Уполномоченный ОО Юрков.
Начальник ОО ККОО ОГПУ Дьяконов.
Обвинительное заключение Облпрокурор Таджиев».

Юрков пен Дьяконовтың жоғарыдағы айыптау қорытындысы бойынша Мәмбеткәрім ишан Жұмабековты жазаға тартатындай айыбы толық дәлелденбесе де, оның №202 ісі 1931 жылы 26 қыркүйекте Ташкент қаласында ОГПУ-дың Орта Азиядағы Толық құқықты өкілдігінің жанындағы «Үштіктің» мәжілісінде қаралып, жазаға тартылады. «Мәмбеткәрім Жұмабеков бес жыл мерзімге еңбекпен түзеу лагеріне (концлагерь) сүргін етілсін. Жаза мерзімі 1931 жылдың 8 қыркүйегінен есептелсін» делінген №55 хаттамада.

Сталиндік қызыл террор Алаш зиялыларын да, Кеңес үкіметін орнатысқандарды да, молда, ишан, тақуа азаматтарды да аяған жоқ. Айналдырған аз уақыттың ішінде қазақтың сорпа бетіне шыққандары қызыл қырғынға ұшырады, көбісі атылды, атылмағандары абақтыда, лагерьде азап шегіп дүниеден өтті. Кеңес Одағы тұсында олардың атын атаудың өзі қылмыс саналды. Азаттықтың ақ таңы атқанда өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Ендеше, туған халқының бостандығы жолында құрбан болған қайраткерлердің барлығы да елдік пен ерліктің өшпес өнегесі ретінде әспеттеле беруі керек.

Садратдин
ӘБДІКӘРІМҰЛЫ,
Досалы
ИСАХАНҰЛЫ,
Қ.И. Сәтбаев атындағы
ҚазҰТЗУ
профессорлары

Өзбекстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан алынған мәліметтер негізінде Қарақалпақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасында тұрған және жұмыс істеген төмендегі репрессияға ұшырағандардың тізімін «мүмкін іздеп жүрген туыстары, ұрпақтары бар шығар» деген үмітпен ғасыр тарихы бар «Qazaq» газетіне жариялауды жөн көрдік.

ХХ ғасырдың 20-40 жылдары
Қарақалпақстанда тұрған немесе жұмыс істеген
қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтар тізімі

  • Бажаков Калимулла – 1903 г.р., Западно-Казахстанская обл., Урдинский район, аул Каракил. Заместитель председателя госплана ККАССР. Арестован 17.11.1937 г. Осужден в 13.10.1938 г. к расстрелу. Член семьи: жена Патима Авезбаева – врач, дочь 6 лет, сын 1 год.
  • Айтбаев Садык – 1901 г.р., Актюбинская обл. Секретарь Тахтакупырского райкома партии, умер тюрьме в 1939 г. Член семьи: Жена – Айтбаева Хансулу.
  • Жанузаков Бейсен – 1906 г.р. Расстрелян в 13.10.1938 г. в г. Ташкенте. Зав. отделом школьной образовании КК обкоме ВКП(б).
  • Ибниаминов Менлиходжа – 1898 г.р. Бывший вазир Хорезмской республики 1921- 23 гг. Расстрелян в 13.10.1938 г. в г. Ташкент. Арестован 21.09.1937 г. Член семьи: жена – Акбала Ибниаминова 1907 г.р., сын – Джанабай 1927 г.р., сын – Хочам 1933 г.р. Жил в Алма-Ате.
  • Кудабаев Абу Ержанович – 1899 г.р. Был первым секретарем обкома партии, при приоритете наркома сельского хозяйства. Расстрелян 13.10.1938 г. в г. Ташкент. Родился в Кызыл-куме. Кызылординская область.
  • Куленов Айналхат – 1906 г.р., Баянаульский р/н. Заведующий отделением пропаганды и агитации Обкома партии. Арестован 5.08.1937 г., расстрелян 13.10.1938 г. в городе Ташкент. Член семьи: жена – Зейнаб Райнудиновна Куленова 1906 г.р., сын – Ренат 1932 г.р., дочь – Римма 1935 г.р., сестра – Джамила 1922 г.р.
  • Тайменов Туркменбай – 1901 г.р. Был первым секретарем Кегейлийского района. Расстрелян 13.10.1938 г. в г. Ташкент.
  • Ташенов Андыр – 1902 г.р. Табынский р/н. Казах. Директор Караузякской МТС. Арестован 01.08.1937 г. Расстрелян 13.10.1938 г. в г. Ташкенте.
  • Сулеев Билал – 1893 г.р. с. Сары-тобе, Ак-суйского района, Алма-Атинской области. Заведующий школы отдела наркома просвещение ККАССР, арестован 9.10.1937 г. Расстрелян 13.10.1938 г. Член семьи: жена – Коткина Евдокия, сын – Джанибек Сулеев, братья – Мубарак, Абдикарим, Хамит, Мажит.
  • Кимбаев Рашид – 1897 г.р. был прокурором Турткульского района. Арестован 14.08.37 г. и расстрелян 13.10.38 г.
  • Байтилесов Салим – 1901 г.р. Турганск. район. Арестован 10.12.1937 г., приговорен к 8 лет.
  • Калибеков Джултай – 26 лет, арестован 20.01.1938 г., умер Чимбайском тюрьме в 1.05.1939 г.
  • Казжилов Нурсултан – 1901 г.р., прокурор Тахтакупырском районе. Арестован 20.06.1938 г.
  • Казыкулов Султангали – 1902 г.р., Уральская область, Тайпакский р/н, арестован 20.04.1938 г., осужден.
  • Коджиков Ерден – 1900 г.р., Ординский район, КазССР. Арестован 20.09.1937 г., расстрелян.
  • Дильманов Уразымбет – 1903 г.р., зампред. Шаттозекского РНК, арестован 1937 г., расстрелян 13.10.1938 г.
  • Елжезеров Суюнтай Турумханулы – председатель Кегейлинского РАК, арестован 1937 г., осужден к 10 годам. Реабилитирован.
  • Захири Джаудр Сарсенбайулы – 1906 г.р., казах, арестован 3.10.1937 г., член союза СССР, расстрелян 13.10.1938 г.
  • Сарыкулов Усин – 1909 г.р. Шальдырский район, Южно-Казахстанская область. Инспектор Наркома просвещения. Арестован 9.10.1937 г. Осужден к 10 годам лишения свободы. Член семьи: брат Турсунбек – 30 лет, студент Планового института им. Куйбышева, Калибек – 22 лет, живет в г. Уральск.
  • Адинаев Календер – 1895 г.р. был зав. отделением КК обкома в 1925-32 гг., работал в Чимкенте, Кызыл-Орде, Аральске, Казводхоз рыбной промышленности. 1934 г. директор Ташкентского института земледелия. Арестован 13.10.1937 г. в г. Ташкент. Расстрелян 18.11.38 г. с решением «Тройки» КазНКВД. Реабилитирован 31.08.1998 г. Личное дело находится Чимкентском архиве.
  • Мукашев Маджит – 1900 г.р., Ходжинский район. Арестован 20.04.1938 г. Актюбинский обл., Бескопенск а/с. Председатель нар.суда Ходжелинского района, член семьи: Мукашева Зияш, сын Кольжан. Расстрелян 13.10.1938 г. в г. Ташкент.
  • Мирманов Джума – 1914 г.р.
  • Агдымесов Абдулла – 1890 г.р. Чалкарский район, председатель к/з Чимбайского района, участник Асановского восстания, арестован в августе 1937 г., расстрелян 28.10.1937 г., член семьи: жена Бисара, сын – Абдиркали, дочь – Жамиля, сын – Мурзахмет.
  • Алдабергенов Жамаш – 1903 г.р. Казалинский р/н, арестован август 1937 г. Осужден к 10 годам лишения свободы.
  • Садыков Жанабай – 1905 г.р., уроженец КазССР, арестован 14.08.1937 г. Чимбайским НКВД.
  • Тилепов Асанали – 1877 г.р, казах, Тахтакупырский р/н, арестован 3.09.1937 г., расстрелян 28.09.1937 г.
  • Турганбаев Джоран – 1904 г.р., казах. Арестован Кунградским НКВД 26.08.37 г., расстрелян 28.10.1938 г.
  • Кулжанов Джузбай – 1899 г.р, г. Актюбинск. Арестован Кунградским НКВД 22.09.1937 г., расстрелян 28.10.1937 г.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here