Халықаралық жүк тасымалындағы өзекті мәселелер ҚР ИИДМ назарында

0
807

Еуропалық Одақ елдері мен Ресей Федерациясы арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалдары бойынша проблемалар туындап отыр. Оның ішінде жекеленген қазақстандықтар әлеуметтік желілерде көтерген мәселелер де бар.

Қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга транзиттік порттары қабылдаудан бас тартқан, Ресей кемелерімен Санкт-Петербург және Новороссийск қалаларының порттары арқылы жүктерді тасымалдау кезінде туындаған проблемаларды шешу үшін шаралар қабылданып жатыр.

Атап айтқанда, ҚР ИИДМ Ресей аумағында орналасқан жүктерді Латвияның Рига және Вэнстпилс порттарына қайта бағдарлау мүмкіндігін пысықтап жатыр. Осы мәселе бойынша Латвияның Көлік министрлігімен және теңіз порттары әкімшіліктерімен кеңес өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, отандық экспорттаушыларға балама ретінде Ақтау және Құрық порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) пайдалану ұсынылды.

Бүгінгі тағда аталған бағытпен Ақтау және Баку порттары арасында тұрақты контейнерлік қатынас және Құрық – Баку паромдық қатынасы жолға қойылған.

Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ТХКБ-нің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Бакуде Әзербайжан, Грузия және Түркияның құзырлы органдарымен және көлік ұйымдарымен кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Мәскеуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандық жүктерді тасымалдау логистикасы мәселелері бойынша Ресей темір жолдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Сонымен қатар,

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жанында теміржол жүк тасымалы мәселелері бойынша жедел желі ашылды. Оның ішінде:

– жүктерді басқа бағытқа жіберуге өтінімдер қабылдау және кеңес беру (межелі станцияларды өзгерту, алғашқы тиеу станциясына қайтару және т.б.) бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нан жауапты маман – С. Абжалеев, телефоны: 8 (702) 164-55-39, 60-31-33;

– «ҚТЖ «ҰК» АҚ-нан кедендік қызметке байланысты сұрақтар бойынша кеңес беретін қызметкер (Г. Хайрулина телефоны: 60-30-19, 8 (701) 341-32-20).

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here