Қант бағасын көтергендерге айыппұл салынады

0
310

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті баға мониторингінің нәтижелері бойынша қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілерін анықтады.

Қазіргі уақытта нарық субъектілерінің басым үлесін айқындау мақсатында ірі өнім берушілердің атына сұрау салулар жіберілді. Монополияға қарсы талқылау қорытындылары бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданады.

Департамент мамандары дүрлігуге жол бермеуге шақырып, бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген іс-әрекеттер нәтижесінде алыпсатарлық бағаның өсуі, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалану монополиялық табысты (таза пайданы) тәркілей отырып, табыстың 3-5%-ы мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here