Облыс әкімдері жанама сайлау арқылы тағайындалады

0
988

Облыс әкімдері жанама сайлау арқылы тағайындалады және мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгертіледі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

«Қазір мәслихат депутаттары Мемлекет басшысы ұсынатын бір ғана кандидатураға келісім береді немесе келісім бермейді. Осыған орай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімі лауазымына балама негізде кемінде екі кандидат ұсыну құқығын регламенттейтін заңнамаға өзгертулер енгізу қажет. Осылайша, Президент мәслихаттардың қарау нәтижесін ескере отырып, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындайтын болады. Түптеп келгенде, өңірлердің басшыларын жанама сайлау туралы сөз болып отыр. Сонымен қатар, Мемлекет басшысында өңір басшыларын мәслихатпен кеңеспей жұмыстан босату құқығы сақталады», – деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here