E-Otinish азаматтардың арыз-тілегін қабылдайтын «бір терезеге» айналады

0
969

«E-Otinish» жүйесі жеке және заңды тұлғалардың арыз-тілектерінің барлық түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша қабылдайтын институтқа айналады. Президенттің бүгін қол қойған «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында осындай меже қойылып отыр.

«Күнтізбелік жыл ішінде «E-Otinish» жүйесін жеке және заңды тұлғалар жолданымдарының барлық түрлерін қабылдау үшін «бір терезе» ретінде институцияландыруды қамтамасыз етсін», – деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне Үкіметпен бірлесіп жыл сайын мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік аппарат қызметін жетілдіру жөніндегі үздік жобаға арналған конкурсты өткізу жүктелген.

«Мемлекеттік қызметтің жай-күйін мониторингтеу және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу рәсімдері шеңберінде жыл сайын бюрократиядан арылту жөніндегі сұрау салу жүргізу қамтамасыз етілсін», – делінген Жарлықта.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here