ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан қант пен шикі қантты сыртқа шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салатын бұйрық жариялады.
Құжаттың толық атауы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Қант пен құрақ шикі қантты сыртқа шығарудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 4 мамырдағы № 140 бұйрығы.
«Қазақстан Республикасының аумағынан қант пен шикі қантты алып шығуға 6 ай мерзімге тыйым салуды бұйырамын» деп жазылған құжат мәтінінде.
Сондай-ақ, бұл құжат аталған шешім туралы мәліметті Еуразия экономикалық комиссиясына хабарлау Ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеті екенін айқындайды.
Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң, яғни 23 мамырда күшіне енеді.