ҚазҰАЗУ базасында «ТИАШМИИ» ҒЗИ филиалы ашылады

0
1219

14 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» (ТИАШМИИ) ҒЗУ Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Тохир Сұлтонов келіп, Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик Ақылбек Күрішбаевпен кездесті. 

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында агроөнеркәсіптік сектордың басым міндеттерін айқындай отырып, су саласы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін мықты базалық жоғары оқу орнын анықтау бойынша нақты міндеттер қойған болатын. Сол тапсырманы жүзеге асыру үшін ҚазҰАЗУ базасында «ТИАШМИИ» ҒЗИ филиалын ашу университеттерді болашақта трансформациялау процесіне, АӨК саласында инновациялық технологияларды әзірлеуге, су шаруашылығына қажетті бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды күшейтуге, жоғары оқу орындарының ғылыми рейтингін арттыруға, Орталық Азиядағы су қауіпсіздігін нығайтуға жаңа серпін беретіні сөзсіз», – деп атап өтті ҚазҰАЗУ басшысы Ақылбек Қажығұлұлы.

Ректордың айтуынша, ҚазҰАЗУ базасында «ТИАШМИИ» ҒЗУ филиалын ашу жөніндегі Жол картасын Өзбекстан Республикасының Жоғары білім, ғылым және инновация, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрліктері бекітті, сондай-ақ 2028 жылға дейін ғылыми-білім беру қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен шартқа қол қойылды.

Өз кезегінде, «ТИАШМИИ» ҒЗУ Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Тохир Сұлтонов Өзбекстан Агробанкі қолдауымен қаржыландырылатын су шаруашылығын басқарудың тиімділігі бойынша фермерлердің біліктілігін арттыру мектебінің тәжірибесімен бөлісті. Ол мұндай курстарды болашақта ҚазҰАЗУ-мен бірлесіп өткізуге болатынын айтты.

«Жол картасы бойынша белгіленген міндеттер алдағы уақытта ҚазҰАЗУ және «ТИАШМИИ» ҒЗИ мамандарымен бірлесіп пысықталатын болады, сондай-ақ осы бағыт бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізу аясында жұмыстарды күшейтуді ұсынамыз», – деп атап өтті Тохир Зокирович.

Кездесу барысында ҚазҰАЗУ базасында «ТИАШМИИ» ҒЗУ филиалын ашуға қатысты нақты мәселелер талқыланды, атап айтқанда:

  • «Су шаруашылығы және мелиорация» бакалавриат, «Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару» магистратура және «Мелиорация және суармалы егіншілік» докторантура деңгейінде бірлескен жаңа инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
  • профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты кеңейту;
  • профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамадан өту курстарын ұйымдастыру;
  • жоғары оқу орындарында оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін білім алушыларды заманауи оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету;
  • су ресурстарын басқару, суды пайдалану, мелиорация және жерді рекультивациялау саласында бірлескен ғылыми жобалар әзірлеу;
  • «Ташкент ирриграция және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ұлттық зерттеу университетінің филиалы басқармасының ұйымдық құрылымын әзірлеу және штат кестесін жасау;
  • қажетті инфрақұрылымдарды құру, оның ішінде «Ташкент ирриграция және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ұлттық зерттеу университетінің филиалы үшін ғимаратты анықтау.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here