Тауда от жаққандарға 30 мыңнан 306 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

0
275

Алматы қаласындағы тексеріс кезінде мамандар таулы жерде от жағудың 39 жағдайын алдын алды. Сондай-ақ, таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 21 адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады.

«Рейд барысында табиғат аясында демалушыларға 10 мыңға жуық жадынама таратылды. Сонымен қатар, 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екеуіне 76 575 теңге көлемінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

Орман шаруашылығы мекемелері мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қорғалған аумақтарда от жаққандарға 30 мыңнан 306 300 теңгеге дейін айыппұл сала алады.

«Демалушылардан тұтанған темекіні құрғақ шөпке тастамауды, от жақпау және ашық отты пайдаланбауды, шыны сынықтарын және басқа да қоқыстарды қалдырмауды сұраймыз. Сонымен қатар, Медеу ауданындағы Медеу табиғи паркінде және Наурызбай ауданындағы Ақсай шатқалында от жағуға болмайды», – деп ескертті мамандар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here