Магистранттарды қорытынды аттестаттау басталды

0
212

Еліміздегі бас әскери оқу орны – Ұлттық қорғаныс университетінде Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік аттестаттау комиссиясы жұмысқа кірісті. 

Қорытынды аттестаттау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде магистранттар кешенді мемлекеттік емтихан тапсырса, екіншісінде – өздерінің магистрлік жобаларын қорғайтын болады.

Аттестаттау қорытындысы бойынша комиссия түлектің теориялық және практикалық дайындығы деңгейінің жедел-тактикалық және жедел-стратегиялық басқару буынының офицерлеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтайды.

– Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы әр офицерге «магистр» дәрежесі мен мемлекеттік үлгідегі диплом беру туралы шешімді жеке қабылдайтын болады. Барлық магистранттар өздерінің дайындық деңгейінің жоғары екенін растайтынына сенімдімін, – деп атап өтті Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Лұт Әлшекенов.

Магистранттардың біліктілігін растау және білім деңгейін тексеру рәсімі биылғы жылдың 16 мамыры мен 18 маусымы аралығында өтеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here