45 жылдық тарихы бар Қарақалпақ мемлекеттік университеті

0
2088

Жуырда ғана жоғары оқу орындарының абыройлы халықаралық рейтингі болып есептелетін Times Hidger Education өзінің 2022 жыл үшін Impact reytingi (THE Impact Rankings 2022) және AD Scientific Index reyting агенттігінің TОР Universities Ranking 2022 нәтижелерін жариялады. Аталған екі халықаралық рейтинг бойынша Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің лайықты орын иеленуі өзінің 45 жылдығын белгілейін деп жатқан ұжымы үшін ерекше жетістік болды.

Шынында да, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті Өзбекстан Республикасының ғылым мен білімдендіру, тәлім мен тәрбие саласында руханият, спорт және мәдениет ордаларының бірі ретінде қызмет етіп жатыр. Әсіресе, қоғамның негізгі жетекші күштері болған жастарды жоғары интеллектуалдық қабілетті, ǝлемде және Өзбекстанда болып жатқан қоғамдық-саяси, ǝлеуметтік-экономикалық өзгерістерге саналы қатынас жасай алатын рухани дүниесі бай, жетік мамандар етіп дайындайтын негізгі оқу орындарының бірі болып табылады.

Университет жыл сайын өзінің жан-жақты салалары бойынша деңгейін көтеріп, 2021-2022 оқу жылына контингентін 25 787-ге жеткізді. Жаңа мамандықтардың ашылуы осы аймақтағы өндіріс флагмандары деп есептелген Қоңырат сода зауыты, «Сүргіл» газды қайта өңдеу кешенінде мамандарды  дайындау бағытының бір буыны болып табылады.

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап бағасы 2,5 миллиард қаржыны құрайтын артық болған “Биоэкологикалық зерттеулер” ғылыми-зерттеу лабораториясы өз жұмысын бастады. Бүгінгі күнде тарау мамандықтары бойынша университеттің жас ізденуші-ғалымдары, стажёр зерттеушілер, докторанттар, профессор-оқытушылар мен еркін зерттеушілер осы лаборатория мүмкіндіктерінен кең пайдалана отырып, Арал бойы аймағындағы экология және қоршаған ортаның қауіпсіздігі, аймақтың ǝлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын алып барады.

2022-2023 оқу жылынан бастап университет жанында ғылымның химия, химиялық технология, құрылыс және өндіріс технологиялары салалары бойынша жалпы бағасы 10 миллиард сом артық болған «Химиялық технология» ғылыми-зерттеу лабораториясы кластерін ұйымдастыру көзде тұтылған, қазіргі күнде бұл кластер үшін қажет болған құрал-жабдықтар келтіріліп жатыр.

Халықаралық бағытта Қарақалпақстан мемлекеттік университеті Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Португалия, Польша, Словакия, Италия, Испания, Венгрия, Австрия, Германия, Оңтүстік Корея, Әзербайжан жǝне Қытай Халық  республикасындағы ғылыми-зерттеу  институттарымен бірге жұмыс жасау келіссөздерін және меморандумдарын заңдастырылған.

Орта Азиядағы жоғары оқу орындарының ішінде ерекше орынды ТОП -1000 халықаралық рейтингіне кірген Abai University ынтымақтасуы болып табылады. Ынтымақтастық, достық байланысымыз екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты одан ары дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Академиялық ұтқырлық аясында екі университеттің білім алушылары мен ұстаз-ғалымдарының білімдерін кеңейтуге, жетілдіруге және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндіктер туып, осы негізде алғышарттар жасалғаны мен өзара әрекеттесуі екі университеттің алға қойылған мақсаттары жақын арада өз жемістерін береді деген ойдамыз.

Үстіміздегі жылдың 28 мамыр күні «Қарақалпақстан  көлемінде жоғары білім беру және ғылым-пән дамуында университеттің орны: кеше, бүгін, болашақ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференцияға Полесск Мемлекеттік университеті (Беларусь) профессор-оқытушылары Корохвич Наталья, Кузнецова Елена Тимофеевна, Янки Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Беларусь) оқытушысы Чебуранова Светлана Егоровна, Малайзия Линкольн Коллег университеті профессоры Ал Мақтари Рашид Абдулсалам Абдуллах, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті филология институты директоры (Қазақстан) Касенов Ерлан, маркетолог Каламбаева Әсел Болатқызы  және  Өзбекстан Республикасы облыстарындағы, сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындары өкілдері қатынасты.

Университет  профессор-оқытушылары болашақта да үлкен табыстарға қол жеткізіп, тәуелсіз еліміздің айқын болашағы жолында қызмет етеді. 45 жылдық дǝуірден соң да Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті құрамы табысты жетістіктерімен Өзбекстан мемлекетінің ғылымы мен жоғары білім тарихында өшпес із қалдырады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here