Ректор дүбірлі додада топты жарған студентті қабылдады

0
980

2023 жылғы 6-14 маусым аралығында Астана қаласында жауынгерлік самбо күресінен жастар мен жасөспірімдер арасында Азия және Тынық мұхиты аймағы елдерінің чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 30 мемлекеттен келген 600-ге жуық кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін спортшылар қатысты.

Сайдың тасындай іріктелген спортшылар сыналған сайыста бабы мен бағы келіскендердің жұлдызы жанды. Азия және Тынық мұхиты аймағы елдерінің чемпионатына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «6В04202-Құқық» мамандығының 3-курс студенті Тамирлан Қабдрахманов та қатысып, 79 келі салмақ дәрежесінде тұғырдың ең жоғары сатысына көтерілді.

Абай университетінің ректоры Дархан Біләлов университеттен шыққан чемпионды жеңісімен құттықтап, спорттық мансабына жетістіктер тілеп, ұстаздар ұстаханасының арнайы сыйлықтарымен марапаттады.

Тамирлан Қабдрахманов Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының шешімімен жауынгерлік самбо күресінен жастар мен жасөспірімдер арасында алдағы уақытта өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here