Әлемдегі 45 млн күрдтің неге тәуелсіз мемлекеті жоқ?

0
3117

Күрд – Таяу Шығысты ежелден мекендеп келе жатқан ұлт. Қазіргі таңда Түркия (19-25 млн), Иран (10-12 млн), Ирак (7,2 млн) пен Сирия (3 млн) елдері аумағында өмір сүреді. Бұл елдермен шектесетін Ауғанстан, Армения, Грузия мен Әзербайжанда да күрдтер көптеп кездеседі. Ал, әлемдегі күрдтердің саны 45 млн-ға жуықтайды. Осылайша, күрдтер өзінің жеке мемлекеті жоқ әлемдегі ең ірі ұлт саналады.

Күрдтер тәуелсіздігін алу үшін әр жылдары бас көтеріп отырды. Тіпті, соңғы жылдары да өздерін егемен ел ретінде жариялап, референдум өткізуге талпынды. Дегенмен, Түркия да, Ирак та, Иран да күрдтердің бұл талпыныстарына қырын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, олар күрдтердің отау ішінен отау тігуіне немесе жерін бөліп, еншісін алуына түбегейлі қарсы.

Аталған аймақтардағы күрдтер өз жерлерін Күрдістан деп атайды. Өздерінің жеке мемлекеттік рәміздері бар. Медиа-холдингтері де жұмыс істейді. Онға жуық телеарналары күрд тілінде хабар таратады.

Айта кетейік, Қазақстанда да күрд диаспорасы бар. Олардың саны 50 мыңға жетеді. Сталиндік қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға күштеп қоныс аударылған күрдтер негізінен Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында тұрады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here