Ұлттық құрылтай 16 маусым күні Ұлытауда өтеді

0
79

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусым күні Ұлытауда өтеді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында жазды.

«Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді. Аталған консультативтік-кеңесші органның құрамына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері кіреді. Ұлттық құрылтайдың ең маңызды міндеттерінің бірі – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар ұсынып, қадамдар жасау» деп хабарлады Мемлекеттік хатшы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here