Димаш Құдайберген Алматыда тұңғыш рет жеке концертін береді

0
271

“DimashAli” шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы алғашқы «Stranger» концерті өтетінін хабарлайды. Шоу 2022 жылдың 23 қыркүйегінде өтеді.

Димаш Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласында көптен күткен жаңа концертін алғаш рет өткізеді. Әртіс өзінің туған жерінде сүйікті Dears-пен кездесуді асыға күтеді.

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Алматы қаласының орталық стадионында өтеді.

Билеттерді сатудың басталуы туралы ақпарат Димаш Құдайбергеннің DimashNews.com  ресми жаңалықтар порталында жарияланады. Қосымша сұрақтар бойынша төменде көрсетілген электронды мекенжайға жазыңыз: press@dimashnews.com

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here