Автогаздың 2023 жылға дейінгі шекті бағасы белгіленді

0
402

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Қазақстан аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығы шықты. Жаңа бұйрыққа байланысты өңірлердегі сұйытылған газдың бүгінгі нарықтағы бағасы жыл соңына дейін сақталады.

Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудалауға шекті бағалар:

  • Алматы қаласында бір литрі – 65 теңге;
  • Нұр-Сұлтан қаласында бір литрі – 70 теңге;
  • Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында бір литрі – 50-55 теңге;
  • ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында бір литрі – 60-65 теңге;
  • Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, СҚО, Жетісу және Ұлытау облыстарында бір литрі – 70-75 теңге.

Агенттік автогаздың құнын осы шекті бағадан асырған станциялардың басшылары жазаланатынын ескертті.

Айта кетейік, жыл басында Қазақстан Үкіметі Президент тапсырмасымен еліміздің барлық өңірінде автогаздың шекті бағасын бекіткен болатын. Сол 180 күнге шектеу қойған бұйрықтың мерзімі осы шілде айында аяқталды. 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here