Замандас қазақ поэзиясына бiр көзқарас

0
2827

30 тамыз 2022 жылы Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы  дипломатиялық қатынастар  құрылғанына 30 жыл болады.

Соцреализмның талаптарынан арылған, қазіргі қазақ поэзиясы бауырлас елдерiн, жалпы заманауи  дүниенің әдебиетімен бірге өсіп, дамып жатыр.

Ақындар Нұрлан Оразалин, Ұлықбек Есдәулет, Ғалым Жаулыбай, Марфуға Айтожина, Темірхан Медетбек, Исраил Сапарбай, Иран-Гайып, Сейфолла Оспанов, Тұрсынзада Есімжанов, Зейнолла Тілеужанов, Нәсіпбек Аитов, Жүрсін Ерман, Есенғали Раушанов, Серік Тұрғынбекұлы, Алмас Ахметбайұлы, Серік Ақсұңқарұлы, Байбота Серікбай, Аманхан Әлім, Мейрхан Ақдаулет, Тыныштықбек Әблдікәкімұлы, Қазыбек Иса, Шәмсия Жубатова, Гүлнар Салықбай, Серікжан Қажы, Темірғали Көпбаев, Мұратбек Оспанов, Қадырбек Кұңыбайұлы, Маралтай Райымбекұлы, Жарас Сәрсек, Бақытжан Алдияр, әлібек Шегебай, Ақберен Еркезек, Дәулеткерей Қапұлы,  Танагөз Толқынқызы, Ұларбек Дәлей, Ерлан Жүніс, Азамат Тасқараның және басқа ақындардың өлеңдері оқырмандарға жақсы әсер қалдырғаны белгілі.

Саған бәрін айтар едім,
Сөз таба алмай қиналам.
Үмітсіздік – шайтан еді,
Арманыма сыймаған.

Саған бәрін білдірер ем,
Бүлдірем деп сескенем.
Қолдан келсе, күлдірер ем,
Дірілдеген еспенен.

Жұмбағыңды шешер едім,
Шертер едім қай күйін?
Жүрегімді тесер едім,
Есер едім, қайтейін!

Бір ғұмырды бастар едім,
Жер бетінде өлмеген.
Сені өлтіріп тастар едім,
Гүлді таптап көрмегем…

Бұл өлеңді белгілі жаңа ұрпақ, қазақ ақыны Ақберен Еркезек жазды.

Кем дегенде екі түрлі әдеби ұрпаққа жатқан, бұл ақындардың әр түрлі жинақтарда шыққан өлеңдері және өз кітаптары қазақ оқырмандарының қызығушылығына себеп болды.

Қазақ поэзиясында Рафаэль Ниязбеков, Жаркен Бөдеш, Ұлықбек Есдәулет, Әділқазы Қайырбеков, Қасымхан Бекманов, Әбубакір Қайран сияқты ақындар алдыңғы қатарда.

Нақты мысал келтірсек, белгілі ақын Ғалым Жайлыбайдын «Қара орамал» поэмасы жоғары өнер туындысы болып табылады.

Бұл, халықтың тарихында қара жылдардың, дауыл замандардың трагедиясында жүректен шыққан айқай.

Прозада бұл ауырсынуды Рақымжан Отарбаев «Бас» романында білдірді. Кездейсоқтық па, әлде сәйкестік па? белгісіз, бірақ Р. Отарбаевпен бірдей Әзербайжанда да «Бас» атты тарихи роман жазылды – халық жазушы Эльчиннің аттас әйгiлi туындысы жайында сөз еттік.

Қазақ әдебиеті дегенде жылдар бойы түрлі дәуірлерге тиесілі екі классиктың және бір замандас классигінің аттары  есіңе түседі. Абай, Жамбыл, Олжас Сүлейменов. Қазіргі таңда улкен қазақ әдебиеті бұданда үлкен тізімімен танылуы керек.

Олар, марқұм ақындар мен жазушылар Мағжан Жұмабай, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Қасым Аманжолов, Рақымжан Отарбаев, Әбильда Аймақ және басқаларының есімдері мен туындылары, қазақтардың Каспий теңізінің  осы жағында болған бауырлас елде де танымалы болу тиісті, таныту да керек.

Олар ұлттық қазақ әдебиеті, қазақ халқының қалауларын, тәуелсіз мемлекеттілігі, тәуелсіздігі және басқа тақырыптары мен ерекше назар аударды. Әуелі таныс болғандар немесе көп оқығандарымызбен бірге бұл әдебиеткерлерін шығармашылығымен қатар тәуелсіздік дәуірінің қазақ әдебиетін үйрену бауырларымыздың ой алгоритмін, тарихи өзгерістерді жақыннан және жақсы көруге мүмкіндік береді.

Қазақ әдеби ортасында кейбір ақындар қазіргі жастар поэзиясының жетекші өкілдері болып саналады. Олардын арасында Олжас Қасым, Мирас Асан, Серікбол Хасан, Тоқтарәлі Таңжарық, Ырысбек Дабей, Ықылас Ожай, Ерғали Бақаш, Бауыржан Әліқожа, Серік Сейтман, Айжан Табараққызы және басқалары бар.

Кейбір зерттеушілер бұл ақындар қазақ поэзиясында «қарсы ағымның өкілдері» деп аталады. Өйткені олардын өлеңдері заманауи әзілге  толы. Заманауи әзіл формасы жағынан да, мазмұны жағынан да, идея жағынан да байқалады.

Постмодернизм поэзиясында қазақтарда алғашқы қадамды ақын Тыныштықбек Әблдікәкімұлы басты. Эксперименталды қара әндерді болса бірінші таразды Табиғат Абайылдаев жазды.

Қазіргі қазақ жас ақындардың өлеңдерінің құрылысың, идеяны жеткізу тәсілдерін, ерте үйреніп, әдебиетте емтихандан өткізетін – Ұларбек Дәлей. Дәлейдің өлеңдерінен Күлтегін, Тоньюкук ақындық технологиясына сай рухы мен гармония білінеді.

Ақын болсын, жазушы болсын, шығармашылықта, өз стилінде жаңалық енгізгенде ғана даму болатыны белгілі. Біз жас қазақ поэзиясында постмодернизм және алдағы жұмыстарымен бірге жаңа бір даму кезеңі деп атаймыз. Инновация-зерттеудін нәтижесі және білімнің байлығы.

Жаңа әзіл-оспақты шығармада ескі дүние басқаша көрінеді және ерекше түрде жалғанады. Мысалы, ең жаңа қазақ поэзиясында дүниежүздік тақырыбы жоқ деп айта аламыз.

Қазақстанның тәуелсіздік дәуірінде жарқыраған ақындардың өлеңдері Әзербайжанда, Әзербайжан ақындардың шығармалары Қазақстанда басылып тұсаукесерлері өтті.

Түркияда «Жаңа қазақ поэзиясы» басылымы және оның тұсаукесерін ұйымдастыру  қуанышымен бөлісе отырып, Қазақстанда «Қазіргі Әзербайжан поэзиясы » келесі томдары жоспарланып отырғанын да айта кетейік.

Бауырластық аман болсын!

Әдебиет бар болсын!

Бауырлас қаламгерлерде шабыт болсын!

Әкбер Гошалы,
Халықаралық «Алаш әдебиет» сыйлығының лауреаты.
Саят Қамшыгер,
«Алтын Сақа» баспасының бас редакторы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here