Әділетті Қазақстанды құру – аса маңызды қадам

0
1063

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» Жолдауы елде жүргізілген конституциялық реформа жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болғандығын атап көрсетті. Бұл «мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады» деген тұжырымын көрсете келе, реформалардың нақты бес бағдарларына тоқталып өтті. 

Қай кезеңде де өркениеттің дамуында білім және ғылымның орны ерекше. Ілгері ұмтылып, көш бастаған елдер білім мен ғылымға ерекше көңіл бөлетіндігі бесенеден белгілі. Бүгінгі күні де ғылым мемлекеттік саясаттың басты бағытына айналып отыр. Ғылым дарынды ғалымдардың біріккен тобының күшімен дамиды. Қазіргі әлемдегі ғалымдар нағыз ғылымның бел ортасында өмір сүруде. Жолдауда «жоғары оқу орындары жанындағы эндаумент-қорлар білім беру экожүйесін дамытудың негізгі буынына айналуға тиіс» дей келе мақсатты капиталдың мұндай қорлары әлемдегі озық университеттерде ғылымды және инновацияны қаржыландырудың өзегі саналатындығына басымдық берді. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Ендігі кезекте ғалымдар қауымы мемлекет тарапынан жасалып жатқан шараларды қабыл алып, Қазақстандық ғылымның ілгерілеуіне бар күш-жігерін сарп етуі керек. Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлыша айтсақ: «Ғалым әріптестерімді мен кішіпейіл болуға, бос мақтан, жел сөзге елікпей әлеумет мүддесін үшін зор жұмыстар істеуге, ел есінде қалатын тарихи ұлы игіліктер жасауға шақырамын» демекпін.

Гүлмира Ғабдуллина,
физика-математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here