Ақпараттық-түсіндіру тобы еліміздің шығысында жұмысын бастады

0
134

Күзгі шақыру науқаны басталысымен Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша қорғаныс ведомствосының ақпараттық-түсіндіру тобы ел өңірлерінде жұмысқа кірісті. Бұл жұмыстың басты бағыттары – Президенттің жолдауын түсіндіру, халық арасында әскери қызметті насихаттау, сондай-ақ «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру.

 Ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысын Семей және Өскемен өңірлерінен бастады. Облыс орталықтарында бұл қызметке жергілікті атқарушы органдар мен қоғам, «Ана жүрегі» сарбаздар аналары бірлестігінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері және «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының белсенділері тартылды.

Қорғаныс ведомствосының өкілдері әскери қызметшілермен, әскерге шақырылатын және шақыру жасына дейінгі жастармен кездесу барысында Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» халыққа жолдауының ережелерін түсіндірді. Президент айтқан басты тезистер атап өтіліп, олардың елдің қарқынды дамуына және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға негіз болатыны алға тартылды.

Әсіресе, әскерге шақыру науқаны ерекше назарға алынып отыр. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мерзімді әскери қызмет өткерудің ерекшеліктері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін әлеуметтік кепілдіктер туралы айтып, әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарының сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар Семей мен Өскеменде қорғаныс ведомствосы Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан шақырылған, бүгінде еліміздің түрлі өңірлерінде қызмет етіп жатқан мерзімді қызметтегі үздік әскери қызметшілердің ата-аналарын салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырды. Ата-аналарға Отан қорғайтын лайықты ұлдар тәрбиелегені үшін алғыс айтылды, ал болашақ жауынгерлерге ата-анасының және жерлестерінің  мақтанышы болыңдар деген тілектер білдірілді.

Одан бөлек «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы білім беретін мектептерде Қарулы күштердің ардагерлері мен әскери қызметшілердің қатысуымен ерлік сабақтары өткізіліп, өскелең ұрпақты әскери оқу орындарына түсу тәртібімен таныстыру ұйымдастырылды. Сондай-ақ оқушыларға арнап Қарулы күштер туралы деректі фильмдер және әскери жоғары оқу орындары жайлы бейнероликтер көрсетілді.

– Ел Президенті өз Жолдауында егемендік пен аумақтық тұтастықты сақтау аса маңызды міндет деп атап өткен болатын. Ал мемлекетті нығайту үшін бізге бірлік қажет. Жастармен қарым-қатынас барысында өскелең ұрпақтың Әділетті Қазақстанды құруға қаншалықты мүдделі екенін, Отанды қорғауды қай деңгейде түсінетінін байқауға болады. Сондықтан біздің ақпараттық-түсіндіру тобымыздың жұмысы қажет деп санаймын, – деді Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев.

Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Асеновтың басшылығымен ұйымдастырылған Қарулы күштер Орталық ансамблінің концертімен аяқталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here