Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады

0
586

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннің келесі күнінде басталады. Яғни, 2022 жылғы 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров хабарлады.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматы болуы;
  • ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;
  • Жоғары білімінің болуы;
  • Жасы 40-қа толған болуы;
  • Белсенді сайлау құқығының болуы;
  • Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

«Президенттікке кандидаттарды қолдау үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі», – деді Константин Петров.

Оның айтуынша, әр кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының қолы жиналуы тиіс.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here