Енді қазақстандықтар «бәріне қарсы» дауыс бере алады

0
831

Қазақстанда 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауының бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген баған қосылады. Яғни, президенттікке ұсынылған кандидаттарға сайлаушылардың көңілі толмаса, олар дәл осы тармақты таңдап, өз қарсылығын білдіре алады.

Орталық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, биыл бюллетеньдер айтарлықтай қымбаттаған. Мәселен, 2019 жылы бір бюллетеньді әзірлеуге 11 теңге қажет болса, 2022 жылы құны 22 теңгеге дейін өсіп отыр.

Айта кетейік, VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген бағанды енгізуді ұсынған болатын. Оны Президент: «Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн», – деп түсіндірді. Содан былтыр Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» бағанын қосуды көздейтін заңға қол қойды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here