Кандидаттарды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімі

0
626

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров кандидаттарды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімін жариялады.

Кандидаттарды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының хаттамасынан президенттікке кандидат ұсыну туралы үзінді;
  • қоғамдық бірлестіктің Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
  • президенттікке кандидат ретінде сайлауға түсуге келісім беру туралы өтініш;
  • азаматтардың қолдарын тексеру нәтижесі туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
  • кандидаттың өмірбаяны;
  • кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
  • кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
  • денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт 21 қазанда басталып, 18 қарашада аяқталады. 19 қараша – тыныштық күні. Ал, 20 қарашада халық сайлау учаскелеріне барып дауыс береді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here