Сиқырлы бояулар әлемі

0
408

Ғұмырын шығармашылыққа арнаған сурет өнерінің майталманы Әбілхан Қастеевті халқы «Қазақ бейнелеу өнерінің әкесі» деп атап кеткен. Қарапайым қазақ отбасынан шыққан біртоға баланың кейін бүкіл елге ғана емес, әлемге аты танылған талантты суретші боларын ешкім білген жоқ. Даңқты суретшінің туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Бір қуаныштысы, Әбілхан Қастеевтің есімі қазақ тұрғанша тұрады. Мысалы, Қазақстандағы алғашқы ЮНЕСКО клубы бар.

Әбілхан Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебі 1981 жылы Алматы Балалар көркемсурет мектебі ретінде құрылды. Алматыда балаларға бастауыш көркемдік білім беретін алғашқы мамандандырылған оқу орны. 1997 жылы мектепке қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. 2005 жылдың желтоқсанында мектеп Алматы Бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебі болып қайта құрылды. Дамудың ұзақ жылдарында мектеп өзінің дәстүрлеріне ие болды, педагогикалық қызметте жеткілікті тәжірибе жинақтады және қала мен республикадағы эстетикалық тәрбиенің әдістемелік орталықтарының бірі болып табылады. Жергілікті жағдайлар мен ұлттық дәстүрлерді ескере отырып құрылған оқу бағдарламалары – оқытушылар ұжымының өзіндік оқу бағдарламаларын құрастыру және сынақтан өткізу бойынша көп жылдық жұмыс тәжірибесі саналады. Бүгін төменде Әбілхан Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебінің оқушылары салған суреттерін жариялаймыз. Жас қылқалам шеберлерінің жұмыстарымен таныс болыңыздар, мәртебелі оқырман!

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here