Жигули Дайрабаев Хромтаудағы өндіріс ошағының жұмысымен танысты

0
573

30 қазан күні Қазақстан президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысына сапары кезінде Хромтау ауданындағы «АКМЭЗ» ЖШС май экстракциялық зауытына барып, өндіріс ошағының тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы Жигули Дайрабаевтың штабы  хабарлады.

Кездесу барысында Жигули Дайрабаев саланы дамыту үшін қолға алынуы тиіс бастамаларға тоқталды. Кандидаттың айтуынша, бүгінде аграрлық салада тепе-теңдік жоқ. Кезінде ішкі өңдеуді дамыту үшін шектеулер енгізілген.

«Май экспортына енгізілген кез келген шектеулерді алып тастау керек. Осылайша отандық зауыттардың өндірістік жүктемесі артып, бәсекелестік орнайды. Сонымен қатар, күнбағыс тұқымдарының экспортын өндіріс көлемінің 40% деңгейінде белгілеген дұрыс. Бұл шара май зауыттары мен экспорттаушылар арасында ақылға қонымды бәсекелестік құруға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді. Өйткені, кей жағдайларда квоталарды нақты май тұқымы жоқ компаниялар алып, үшінші компаниялар экспортқа жіберген», – деп санайды Жигули Дайрабаев.

Өсімдік майы бағасының өсуіне байланысты май өңдеу саласында отандық өндірісті дамыту мәселесі де өткір тұр. Өз кезегінде кандидат еліміздегі зауыттар өндіріс көлемін арттырып, экспортқа бағытталған дақылдарды отырғызуға тиіс деген пікірде.

«Қазақстандық фермерлерді мемлекеттік қолдау аясында ұсынылған субсидиялардың арқасында өнім, тұқым сапасы, көлемі біршама артты. Біз осы бағыттағы жұмысты белсенді жалғастыруымыз тиіс. Сондай-ақ, саладағы мамандардың білікітілігіне ерекше назар аударатын кез келді. Өндіріс ошақтарында заманауи технологияларды енгізіп, қызметкерлерді жоғары деңгейде дайындауымыз керек. Осылайша, ғана оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге болады», – деп атап өтті кандидат.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here