Енесiнiң атынан алаяқтық жолмен несие рәсімдеген келін анықталды

0
216

26 қазанда Жамбыл облысының Т.Рысқұлов АБП-не 57 жастағы осы ауданның тұрғыны белгісіз тұлғаның банк қосымшасы арқылы оның атына 750 000 теңге көлемінде несие рәсімдеп алғаны туралы арызданған.

Полиция қызметкерлерімен мән-жайды анықтау барысында жәбірленушінің аталған несиеден мүлдем хабары болмағаны анықталды. Ол осы уақытқа дейін тек 100 мың теңге көлемінде рәсімдеген несиесін ай сайын төлеп жүргені, тек банк қызметкері хабарласып төленбеген несиесі бар екенін ескерткен кезде білгені белгілі болды.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар 23 жастағы Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті кінәсін толық мойындады. Ол жәбірленушінің келiнi болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here