Қарақат Әбден Сыр еліне ат басын бұрды

0
394

«Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат Қарақат Әбден Сыр еліне барып, Қызылорда жұртымен бірнеше кездесу өткізді. Бұл туралы кандидаттың штабы хабарлады.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшесі Қарақат Әбден алдымен Қызылорда облысының өңірлік сайлауалды штабына ат басын бұрды. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бұл аймақта 100-ден астам адам жұмылдырылғаны белгілі.

«Бүгін Қызылордадағы штабтың жұмысымен таныстым. Қызылорда облысы –еліміздегі ең ірі аймақтардың бірі. Жергілікті штабта 10 қызметкер, 100 волонтер жұмыс істейді. Штаб өкілдері аудан және ауыл тұрғындарымен де кездесу өткізеді. Жұмыс үйлесімді әрі талаптарға сәйкес іске асуда», – деп атап өтті Қарақат Әбден.

Қазақстан президенттігіне кандидат жақын және шалғай жатқан елді мекендердің жағдайымен де танысты.

Облыстағы үлкен аймақтардың бірі болып саналатын Арал қаласында кандидат жергілікті халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, осы өңірде ұлттық және отбасылық құндылықтарды негізге алып, кәсібін дөңгелетіп отырған отбасылық бизнес өкілдерімен жүздесті.

Аралда қозғалған маңызды тақырыптар Қызылорда қаласындағы кездесуде жалғасын тапты. Жиын барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ пен жастар тәрбиесі, отбасы институтының мәні талқыланды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here